АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге 2 202 адам көшкен, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Оның ішінде 1 091 қандас және 1 111 қоныс аударушы көшіп барған. Барлық қоныс аударушыға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Осы жылдың соңына дейін 9 653 адамды көшіру жоспарланып отыр, дейді министрліктегілер.
Өңірлер бойынша қоныс аудару көрсеткіші мынандай:
Павлодар облысына – 672 адам;
Солтүстік Қазақстан облысына – 532 адам;
Қостанай облысына – 330 адам;
Ақмола облысына – 215 адам;
Шығыс Қазақстан облысына – 214 адам;
Абай облысына – 145 адам;
Атырау облысына – 90 адам;
Ұлытау облысына – 4 адам.
Қоныстану аймақтарына көшкен қандастар негізінен Өзбекстаннан – 396 адам, Моңғолиядан – 310 адам, ҚХР – 286 адам, Ресейден – 52 адам, басқа елдерден – 47 адам келген.
Еңбекке қабілетті жастағы 790 адам келгендердің ішінен тұрақты жұмыс орындарына 374 адам жұмысқа орналастырылды, 10 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады.