Солтүстік Қазақстанда қоныс аудару бағдарламасының қаражаты ұрланған: 3 адам сотталды

© Sputnik / Елена БережнаяСело Глубокое в Краснополянском сельском округе Северо-Казахстанской области
Село Глубокое в Краснополянском сельском округе Северо-Казахстанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында қоныс аудару бағдарламасының қаражаты ұрланған. Бұл туралы өңір прокуратурасының сайты хабарлады.
Қадағалау органы әлеуметтік шарттың міндеттемелері орындалмағанын және тұрғын үй құны асыра бағаланғанын анықтады.
Осылайша, Айыртау, Ғ.Мүсірепов, Жамбыл аудандарында Қоныс аудару бағдарламасына қатысушылар Әлеуметтік кодекстің және адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының талаптарына қарамастан, тұрғын үй сатып алу шығынын өтеу үшін мемлекеттік өтемақыны барынша үлкен көлемде алу мақсатында олардың нақты құнын жасанды түрде асыра көрсеткен.
"Осындай заңсыз әрекеттерден мемлекетке жалпы сомасы 11,3 млн теңге шығын келтірілген. Осы фактілерге сүйене отырып, прокуратура Қылмыстық кодекстің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады", - деп жазылған хабарламада.
Аудандық соттың үкімімен бағдарламаның 3 қатысушысына бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Үкім заңды күшіне енген.
Сонымен бірге Әлеуметтік шарт бойынша өз міндеттемелерін бұза отырып, мемлекеттен қаржылай көмек алған Қоныс аудару бағдарламасына қатысушылар тұрақты тұру үшін қоныс аударған орнынан Республиканың басқа аймақтарына көшкен.
Осыған қарамастан, жергілікті атқарушы органдардың шенеуніктері 103,6 млн теңге көлеміндегі төлемдерді өндіріп алу шараларын қолданбаған.
Прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың 25 қызметкері (оның ішінде Мансап орталықтары филиалының 11 басшысы) тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 19,1 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты өтелді.
Қалған сомаға талап арыздар сотқа беріліп, қаралуда.
Жаңалықтар
0