Заңсыз құрылыстан Астананың 400-ден астам тұрғыны зардап шекті

Бір топ адам салымшыларға 4,6 млрд теңге көлемінде залал келтірген
Sputnik
АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Астанада құрылысты заңсыз жүргізгендердің ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды қалалық прокуртура.
Елордада үлестік құрылысқа азаматтардан қаражатты заңсыз тартқандарға қатысты тергеу аяқталды.
"400-ден астам отбасына 4,6 млрд теңге көлемінде залал келтірген бір топ адамға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар тиісті рұқсатсыз және заң талаптарын бұза отырып, үш тұрғын үй кешенін салуға азаматтардан қаражат тартқан", - дейді ведомство.
Алынған қаражат мақсатсыз жұмсалып, нысандардың құрылысы мүлде жүргізілмеген.
Алматыдағы заңсыз құрылыс: облыс әкімі қатаң шаралар қабылдауды тапсырды