Қарағандыда жүк көлігі жүргізушісінің кінәсінен жас жігіт көз жұмды

Марқұм күзет саласының қызметкері болған
Sputnik
АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Қарағанды күзет қызметімен айналысатын мекеме қызметкері жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 10 шілдеде сағат 10:30 шамасында Қарағандының Төлепов және Жилстроевская көшелерінің қиылысында болған.
"Shacman маркалы жүк көлігінің жүргізушісі жол ережесін бұзып, Lada Granta көлігімен соқтығысқан. Салдарынан 25 жастағы Lada Granta жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Оның жолаушысы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жатқызылды", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар жасалып жатыр.
Павлодар облысында жол апатынан үш адам көз жұмды