АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Астанада полковник әйел зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Полиция күдіктінің Ұлттық қорғаныс университетінің полковнигі екенін растады. Айтуларынша, шағымды 47 жастағы әйел, күдіктінің бұрыннан араласқан танысы жазған.
"Елорданың 47 жастағы тұрғынының өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам анықталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Астана қалалық полиция департаменті.
Арыз беруші әйелдің айтуынша, оқиға әскери қалашықта болған. Ол күдіктінің танысы болғандықтан үйіне өзі барыпты.