Астанада полковник 47 жастағы әйелді зорлады деген күдікке ілінді

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2025
Жазылу
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Астанада полковник әйел зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Полиция күдіктінің Ұлттық қорғаныс университетінің полковнигі екенін растады. Айтуларынша, шағымды 47 жастағы әйел, күдіктінің бұрыннан араласқан танысы жазған.
"Елорданың 47 жастағы тұрғынының өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам анықталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Астана қалалық полиция департаменті.
Арыз беруші әйелдің айтуынша, оқиға әскери қалашықта болған. Ол күдіктінің танысы болғандықтан үйіне өзі барыпты.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2024
Талдықорғанда әйелді зорлады деп айыпталған полицияның бұрынғы бастығы сотталды
Жаңалықтар
0