АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийге зымыранға қарсы он Patriot жүйесін бірден жіберуге уәде берді, деп жазады Axios.
"Екі дереккөз Трамптың дереу 10 Patriot жүйесін жеткізуге уәде бергенін хабарлады, бұл жоспарланған көлемнен азырақ. Сондай-ақ Трамп оларды алудың басқа жолдарын табуға көмектесуге уәде берді", - деп жазды басылым.
Мақалада осы әңгіме қарсаңында Ақ үй басшысы Германия канцлері Фридрих Мерцпен де сөйлескені аталып өткен.
Басылымның хабарлауынша, канцлер Трамптан Украинаға барар жолда тұрып қалған тосқауылшы зымырандарды жеткізуге кедергілерді алып тастауды сұраған. Axios жазғандай, Мерц АҚШ-тан қосымша Patriot батареяларын сатып алып, Киевке жіберуге дайын екенін білдірді.