Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Зеленскиймен не туралы сөйлесті

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуВизит Зеленского в США для подписания соглашения о полезных ископаемых
Визит Зеленского в США для подписания соглашения о полезных ископаемых - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2025
Жазылу
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийге зымыранға қарсы он Patriot жүйесін бірден жіберуге уәде берді, деп жазады Axios.
"Екі дереккөз Трамптың дереу 10 Patriot жүйесін жеткізуге уәде бергенін хабарлады, бұл жоспарланған көлемнен азырақ. Сондай-ақ Трамп оларды алудың басқа жолдарын табуға көмектесуге уәде берді", - деп жазды басылым.
Мақалада осы әңгіме қарсаңында Ақ үй басшысы Германия канцлері Фридрих Мерцпен де сөйлескені аталып өткен.
Басылымның хабарлауынша, канцлер Трамптан Украинаға барар жолда тұрып қалған тосқауылшы зымырандарды жеткізуге кедергілерді алып тастауды сұраған. Axios жазғандай, Мерц АҚШ-тан қосымша Patriot батареяларын сатып алып, Киевке жіберуге дайын екенін білдірді.
Флаг США - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
АҚШ Украинаға көмек беру туралы әлі шешім қабылдаған жоқ – Ақ үй
Жаңалықтар
0