Қазақстандық оқушылар физика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды

Олимпиадаға 21 елдің оқушылары қатысты
Sputnik
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында өткен Халықаралық ғылыми физика олимпиадасында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Олимпиада теориялық және эксперименттік кезеңнен тұрады. Әр қатысушы жеке есепте екі бағыт бойынша бағаланды. Осы жолғы олимпиадаға 21 елдің оқушылары қатысты. Ал қазақстандық оқушылар елге 10 бірдей марапатпен оралды.
Күміс медаль иегерлері:
Роман Черемнов – Алматы қаласы "Мирас" мектебінің 11-сынып оқушысы;
Тайыр Әбдіқадыр – Қостанай облыстық "Білім-инновация" лицейінің 10-сынып оқушысы;
Әлтайыр Ақанов – Астана қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы;
Ілияс Қазымбек – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы.
Ал Астана қаласындағы "NURORDA" мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Даниэль Төлебаев қола медаль еншіледі.
Теориялық айналым нәтижелері бойынша Роман Черемнов пен Ілияс Қазымбек 1-дәрежелі дипломмен марапатталса, Даниэль Төлебаев, Тайыр Әбдіқадыр мен Әлтайыр Ақанов 2-дәрежелі дипломға ие болды.
Жас физиктердің жетекшілері: PhD докторы, CDU доценті Самат Мақсұтов пен CDU магистрі Назарәлі Айтжанов.
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді