https://sputnik.kz/20250708/qazaqstandyq-oqushylar-fizika-olimpiadasynda-absolyutti-chempion-atandy-55481426.html
Қазақстандық оқушылар физика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды
Қазақстандық оқушылар физика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды
Sputnik Қазақстан
Олимпиадаға 21 елдің оқушылары қатысты 08.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-08T19:18+0500
2025-07-08T19:18+0500
2025-07-08T19:18+0500
чемпион
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e9/07/08/55481552_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_bf8a9adaa41abb99de5e314d15857382.jpg
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында өткен Халықаралық ғылыми физика олимпиадасында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.Олимпиада теориялық және эксперименттік кезеңнен тұрады. Әр қатысушы жеке есепте екі бағыт бойынша бағаланды. Осы жолғы олимпиадаға 21 елдің оқушылары қатысты. Ал қазақстандық оқушылар елге 10 бірдей марапатпен оралды.Күміс медаль иегерлері:Ал Астана қаласындағы "NURORDA" мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Даниэль Төлебаев қола медаль еншіледі.Теориялық айналым нәтижелері бойынша Роман Черемнов пен Ілияс Қазымбек 1-дәрежелі дипломмен марапатталса, Даниэль Төлебаев, Тайыр Әбдіқадыр мен Әлтайыр Ақанов 2-дәрежелі дипломға ие болды.Жас физиктердің жетекшілері: PhD докторы, CDU доценті Самат Мақсұтов пен CDU магистрі Назарәлі Айтжанов.
https://sputnik.kz/20250501/qazaqstandyq-oqushylar-khalyqaralyq-olimpiadada-uzdikter-qatarynan-korindi-53061076.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/08/55481552_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_619f1347e03a1f4cb6c656c09afc2fa2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
чемпион, оқушы
Қазақстандық оқушылар физика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды
Олимпиадаға 21 елдің оқушылары қатысты
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында өткен Халықаралық ғылыми физика олимпиадасында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан оқу-ағарту министрлігіне
сілтеме жасап.
Олимпиада теориялық және эксперименттік кезеңнен тұрады. Әр қатысушы жеке есепте екі бағыт бойынша бағаланды. Осы жолғы олимпиадаға 21 елдің оқушылары қатысты. Ал қазақстандық оқушылар елге 10 бірдей марапатпен оралды.
Роман Черемнов – Алматы қаласы "Мирас" мектебінің 11-сынып оқушысы;
Тайыр Әбдіқадыр – Қостанай облыстық "Білім-инновация" лицейінің 10-сынып оқушысы;
Әлтайыр Ақанов – Астана қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы;
Ілияс Қазымбек – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы.
Ал Астана қаласындағы "NURORDA" мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Даниэль Төлебаев қола медаль еншіледі.
Теориялық айналым нәтижелері бойынша Роман Черемнов пен Ілияс Қазымбек 1-дәрежелі дипломмен марапатталса, Даниэль Төлебаев, Тайыр Әбдіқадыр мен Әлтайыр Ақанов 2-дәрежелі дипломға ие болды.
Жас физиктердің жетекшілері: PhD докторы, CDU доценті Самат Мақсұтов пен CDU магистрі Назарәлі Айтжанов.