Қазақстан ет экпортын 50 мың тоннаға дейін арттырады

Экспорттан түсетін жылдық табыс 500 млрд теңгеге дейін артады
Sputnik
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Қазақстан ет экспортын жылына 50 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрдің айтуынша, осы мақсатқа жету үшін сүт-тауар фермаларына етті мал шаруашылығы бойынша жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы кеңейтіледі. Бағдарлама қатысушылары австралиялық тәжірибені енгізе алады. Соның арқасында ет экспортын 50 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бар. Ал экспорттан түсетін жылдық табыс 500 млрд теңгеге дейін артады.

"Бүгінде 14 жобаны іске асыру үшін 29,3 млрд теңге қарастырылған. Сүт фермаларына жеңілдікпен кредит беру жылдық 2,5%-бен жүзеге асырылатынын атап өту маңызды", - деді Сапаров үкіметтің бүгінгі отырысында.

Бағдарлама аясында 116 сүт-тауарлы ферманы салу жоспарланған. Соның 69-ы қолданысқа берілді, алдағы уақытта тағы 47-сі іске қосылады.
Ресми мәліметке сәйкес, биыл бес айдың ішінде Қазақстанда ірі қара мал басы 23,4%-ға, ұсақ мал – 7,8%-ға, жылқы – 12,2%-ға, түйе – 8,5%-ға, құс – 2,2%-ға өсті.
Қазақстандық IT-қызметтер экспорты 470 млн доллардан асты