https://sputnik.kz/20250121/qazaqstandyq-it-qyzmetter-eksporty-470-mln-dollardan-asty-50163491.html
Қазақстандық IT-қызметтер экспорты 470 млн доллардан асты
Қазақстандық IT-қызметтер экспорты 470 млн доллардан асты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Қазақстан 2024 жылдың 9 айында $471 млн-ға IT-қызметтерді экспорттады. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда... 21.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-21T15:00+0500
2025-01-21T15:00+0500
2025-01-21T15:00+0500
жаңа технологиялар
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16374061_38:0:1962:1082_1920x0_80_0_0_c9c61ea27951c14388f6494b0f2ab702.jpg
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Қазақстан 2024 жылдың 9 айында $471 млн-ға IT-қызметтерді экспорттады. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға артық. Дегенмен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша одан да жоғары сандар күтілуде. Ведомствоның болжамы бойынша, IT-қызметтер экспортының сомасы шамамен $700 млн-ды құрауы мүмкін, деп хабарлайды Primeminister.kz.Үкімет отырысы барысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев хабарлағандай, Қазақстанның IT-экспортын ілгерілетуде Astana Hub басты рөл атқарады. Ондағы резиденттер саны 1,5 мың компаниядан асты, оның ішінде 400-і халықаралық компания. Олардың жалпы кірісі 2024 жылы 620 млрд теңгені құрады. Бұл ретте экспорттан түсетін табыс – 227 млрд теңге, яғни $479 млн.Astana Hub резиденттерінің экспорттық географиясы 90-нан астам елді қамтиды. Astana Hub резиденттерінен басқа "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның GovTech өнімдері алғаш рет экспортқа шықты. Мұндай шешімдердің қатарына Smart Data Ukimet, Smart Bridge жəне ИРБП веб-сайт құрастырушысы кіреді.
https://sputnik.kz/20250105/almatyda-keyingi-eki-zhylda-it-ekozhuyeni-damytuga-192-mln-dollar-tartyldy-49742806.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16374061_278:0:1721:1082_1920x0_80_0_0_37cd5809eaf8c6a5c664a41d8ed3552a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаңа технологиялар
Қазақстандық IT-қызметтер экспорты 470 млн доллардан асты
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Қазақстан 2024 жылдың 9 айында $471 млн-ға IT-қызметтерді экспорттады. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға артық.
Дегенмен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша одан да жоғары сандар күтілуде. Ведомствоның болжамы бойынша, IT-қызметтер экспортының сомасы шамамен $700 млн-ды құрауы мүмкін, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Үкімет отырысы барысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев хабарлағандай, Қазақстанның IT-экспортын ілгерілетуде Astana Hub басты рөл атқарады. Ондағы резиденттер саны 1,5 мың компаниядан асты, оның ішінде 400-і халықаралық компания. Олардың жалпы кірісі 2024 жылы 620 млрд теңгені құрады. Бұл ретте экспорттан түсетін табыс – 227 млрд теңге, яғни $479 млн.
Astana Hub резиденттерінің экспорттық географиясы 90-нан астам елді қамтиды. Astana Hub резиденттерінен басқа "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның GovTech өнімдері алғаш рет экспортқа шықты. Мұндай шешімдердің қатарына Smart Data Ukimet, Smart Bridge жəне ИРБП веб-сайт құрастырушысы кіреді.