Атбасар ауданында карантин енгізілді - 19 адам ауруханаға жатқызылды

Олардың ішінде біреуінің жағдай ауыр, қалған науқастардың жағдайы орташа
Sputnik
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Атбасар ауданында екі ауылда карантин енгізілді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрдің айтуынша, бас кезінде сынамалар алынған болатын. Сол кезде шектеу шаралары енгізілді. Ал сібір жарасын жұқтыру расталғаннан кейін карантин енгізуге шешім қабылданды.
"Карантин 1 шілдеде енгізілген болатын. Тәртіп бойынша 15 күнге енгізіледі. Одан кейін тағы сынамалар алынады. Егер қауіп болмаса, карантин алынады", - деді Сапаров үкіметтегі брифингте.
Каратин енігізілген ауылдарда 19 адам сібір жарасын жұқтырған.
"Ол жақта 19 адам, олардың ішінде біреуінің жағдай ауыр, қалған науқастардың жағдайы орташа", - деді Сапаров.
Оның сөзіне қарағанда, ауыл адамдары малды сібір жарасы көмілген қорымның жанында баққан. Содан ауру тарап кеткен.
Ақтөбе облысындағы ауылда карантин жарияланды