АЛМАТЫ, 7 шілде - Sputnik. Түркістан облысы Кентау қаласында үш қабатты тұрғын үйдің шатыры жанды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Тілсіз жау 400 шаршы метр аумаққа жайылған.
"Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 50 жуық тұрғын өздігінен далага шыққан", - дейді ведомство.
Зардап шеккендер жоқ. Ал өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.