Sputnik Әзербайжан заңды әрі билікпен келісім бойынша жұмыс істеді - Дмитрий Киселев

Оның айтуынша редакцияның жұмысына қатысты ешқандай ескертулер болған жоқ
Sputnik
АЛМАТЫ, 7 шілде - Sputnik. Sputnik Әзербайжан Бакуде заңды түрде және билікпен келісім бойынша жұмыс істеді, деді "Россия сегодня" медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселев.

"Журналистерді тұтқындау күтпеген жағдай болды. Жыл басында құжаттарды жаңарту және аккредиттеу рәсімдері пайда болғаннан кейін Әзербайжан президентінің арнайы тапсырмалар жөніндегі өкілі Халаф Халафов Мәскеуге келді.
8 сәуірде біз Ресей сыртқы істер министрлігімен келіссөз барысында кездестік, онда Ресей делегациясын сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин басқарды. Содан кейін Әзербайжан Sputnik жұмысы бойынша арнайы үкіметаралық келісім жасасуға келісті. Біздің редакцияның жұмысына қатысты ешқандай ескертулер болған жоқ", - деді ол "Вести Недели" эфирінде.

Бұған дейін Бакуде билік екі Ресей азаматын, Sputnik - Әзербайжан редакциясының басшысы Игорь Картавых пен бас редактор Евгений Белоусовты ұстады деп хабарланған болатын. Олармен бірге редакцияның бірнеше қызметкері – Әзербайжан азаматтары да ұсталған, олар арнайы ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып босатылған.
Sputnik Әзербайжан агенттігінің Бакуде қызметін жалғастыруына еш жағдай жоқ - Киселев