АЛМАТЫ, 7 шілде - Sputnik. Екатеринбург қаласында "ИННОПРОМ " XV халықаралық өнеркәсіптік көрмесі басталды.
Көрме алаңы 50 000 шаршы метрді құрайды. Әлемнің 60 елінен 47 000-нан астам келушілер қатысады. Мұнда іскерлік бағдарламаның 100-ден астам іс-шаралары өтеді.
"Көрмеге 11 000-нан астам ұйымдар мен компаниялар қатысады деп күтілуде. Мұнда металлургия, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп сияқты түрлі салалардағы отандық өндірушілердің ұлттық экспозициялары ұсынылады", - дейді өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Көрмеде Қазақстан өңдеу өнеркәсібінің 11 кәсіпорны өз өнімдерін ұсынып жатыр. Сондай-ақ көрмеде кабель өнімдерін, алюминий профильдерін, шыны және брендті киім шығаратын отандық өндірушілер де қатысуда.