Тоқаев АҚШ президентіне көңіл айтты

Sputnik
АСТАНА, 6 шілде - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Техас штатындағы алапат су тасқыны салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқанына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Техас штатында алапат су тасқыны болды
Мемлекет басшысы қайтыс болған азаматтардың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 50-ден асты, оның 15-і - бала.

Сондай-ақ Гуадалупе өзенінің бойында орналасқан лагерьде болған 27 қыз із-түзсіз жоғалған.
Су тасқыны 4 шілде күні таңертең болды. 45 минут ішінде Гуадалупе өзеніндегі су деңгейі 8 метрге көтеріліп, үйлерді, көліктер мен көпірлерді шайып кетті. Жаңбыр келесі күні де жалғасты, бірқатар ауданда жаңа су тасқыны туралы ескертулер сақталып отыр.
Тибеттегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 95-ке жетті