Тоқаев АҚШ президентіне көңіл айтты

© Getty Images / Eric VrynРека Гуадалупе во время наводнения в Кервилле, штат Техас
Река Гуадалупе во время наводнения в Кервилле, штат Техас - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2025
Жазылу
АСТАНА, 6 шілде - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Техас штатындағы алапат су тасқыны салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқанына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
© AP Photo / Julio CortezТехас штатында алапат су тасқыны болды
Люди переходят через реку Гуадалупе по обломкам моста после наводнения в Ингрэме, штат Техас - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2025
Техас штатында алапат су тасқыны болды
Мемлекет басшысы қайтыс болған азаматтардың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 50-ден асты, оның 15-і - бала.

Сондай-ақ Гуадалупе өзенінің бойында орналасқан лагерьде болған 27 қыз із-түзсіз жоғалған.
Су тасқыны 4 шілде күні таңертең болды. 45 минут ішінде Гуадалупе өзеніндегі су деңгейі 8 метрге көтеріліп, үйлерді, көліктер мен көпірлерді шайып кетті. Жаңбыр келесі күні де жалғасты, бірқатар ауданда жаңа су тасқыны туралы ескертулер сақталып отыр.
Непалдағы жер сілкінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2025
Тибеттегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 95-ке жетті
Жаңалықтар
0