Павлодар облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады
Sputnik
АЛМАТЫ, 5 шілде – Sputnik. Павлодар облысы Көктөбе ауылының маңында жол апатынан 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 5 шілдеде Көктөбе ауылының маңында Павлодардан 37 шақырым жерде болған.
"Екі автокөлік соқтығысқан. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады. Жергілікті жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - дейді ведомство.
Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін сақтауды, әсіресе көлік көп жүретін жерлерде мұқият болуды қатаң ескертті. Сондай-ақ көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды.
Астанада жол апатынан 24 жастағы жүргізуші көз жұмды