Түркістан облысында уран өңдеу зауыты іске қосылды

Әзірше жылына 2000 тонна уран өңдеу жоспарланып оты
Sputnik
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Түркістан облысында Қазақстан мен Франция бірлесіп салған уран өңдеу зауыты іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Түркістан облысында уран өңдеу зауыты іске қосылды
Зауыттың жалпы құны – 74,7 млрд теңге. Ол жерде "Оңтүстік Төртқұдық" кен орнының оңтүстік бөлігінде өндірілген және құрамында уран бар ерітінділерді өңдейді. Әзірше жылына 2000 тонна уран өңдеу жоспарланып отыр. Ал Төртқұдықтың оңтүстік учаскесінің толық интеграциясы арқылы бұл көрсеткішті 4000 тоннаға дейін арттыру қарастырылған.
Түркістан облысында уран өңдеу зауыты іске қосылды
Жаңа зауыттың құрылысы үш жылдың ішінде атқарылды. Жоба аясында гидротехникалық желілер, асфальт және қиыршық тасты жолдар, электр желілері мен жаңа трансформаторлық қосалқы станция да салынды.
Айта кетері, Созақ ауданындағы зауытты "КАТКО" қазақстандық-француздық біріккен кәсіпорны" ЖШС салып шықты. Бұл компания Түркістан облысындағы ең ірі жұмыс берушілердің бірі болып саналады. Қазіргі кезде 1300 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Қытай компаниясы Қазақстанда қалдықты кәдеге жарататын бірнеше зауыт салады