Сәуірде ҰБТ-ға қатыса алмағандар тест тапсыратын күн белгілі болды

Тестілеу 8-10 шілде аралығына белгіленіп отыр
Sputnik
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығы сәуірде белгілі бір себептермен тестке қатысуға өтініш бермегендер үшін хабарландыру жариялады.
"4-6 шілде аралығында Ұлттық тестілеу орталығы 10-25 сәуір аралығында келесі дәлелді себептер бойынша өтініш бермеген талапкерлерден негізгі ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер қабылдайды", - делінген хабарламада.
Ол мынандай себептер болуы мүмкін:
денсаулық жағдайына байланысты емдеуде немесе карантинде болу (026/у медициналық анықтама болған жағдайда);
жақын туысының қайтыс болуы (растайтын құжаттар болған жағдайда);
республикалық және халықаралық олимпиадаларға, байқауларға және спорттық жарыстарға қатысу (№514 бұйрықтағы тізімге сәйкес);
төтенше жағдайлар туындаған кезде.
Тест тапсырушылар өтініш пен растайтын құжаттарды (+ жеке куәлік) орталықтың электрондық поштасына жолдау қажет.
Тестілеу 8-10 шілде аралығына белгіленіп отыр.
Түркістан облысының түлегі ҰБТ-да ең жоғары 140 ұпайды жинады