Қаржы пирамидасын құрды: блогер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінегілер блогер жазасын толық өтеп шыққанын хабарлады
Sputnik
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған актер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты.
Актер әрі вайнер Шерниязов әлеуметтік желідегі парақшасында колониядан шыққан видеосын жариялады.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінегілер блогер жазасын толық өтеп шыққанын хабарлады.
Еске салайық, Мейірхан Шерниязов актер Мейіржан Төребаевпен 2022 жылы қамауға алынып, 2023 жылы 5 жылға сотталған болатын.
Шерниязовқа ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған жетекшілік етті деген айып тағылды, бірақ сот оны осы бап бойынша ақтады.
Төребаев пен Шерниязовтың ісі: қаржы пирамидасы қалай құрылды