АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Америка Құрама Штаттары Украинаға қару-жарақтың қандай түрлерін жеткізуді тоқтатқанын жария етпейді, деп мәлімдеді Пентагон өкілі Шон Парнелл.
"Қандай қару түрлері тоқтатылғаны жайлы, нені және қашан жеткізетініміз туралы егжей-тегжейлі айта алмаймын", - деді. Парнелл журналистерге.
Сейсенбі күні Politico газеті америкалық қорлардың таусылуына байланысты АҚШ-тан Украинаға оқ-дәрі мен қару-жарақ жеткізілімі тоқтатылғанын хабарлады.
Ақ үй өкілі Анна Келли NBC арнасына бұл ақпаратты растап, мұндай шешім Американың мүддесін бірінші орынға қою үшін қабылданғанын атап өтті.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.