https://sputnik.kz/20250703/pentagon-ukrainaga-qanday-qaru-zharaq-zhetkizudi-toqtatqanyn-zhariya-etpeydi-55323742.html
Пентагон Украинаға қандай қару-жарақ жеткізуді тоқтатқанын жария етпейді
Пентагон Украинаға қандай қару-жарақ жеткізуді тоқтатқанын жария етпейді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Америка Құрама Штаттары Украинаға қару-жарақтың қандай түрлерін жеткізуді тоқтатқанын жария етпейді, деп мәлімдеді Пентагон өкілі... 03.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-03T09:12+0500
2025-07-03T09:12+0500
2025-07-03T09:12+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/05/39933689_0:6:3067:1731_1920x0_80_0_0_ef4919c92f3dcf1da3657e6f9007bbe5.jpg
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Америка Құрама Штаттары Украинаға қару-жарақтың қандай түрлерін жеткізуді тоқтатқанын жария етпейді, деп мәлімдеді Пентагон өкілі Шон Парнелл.Сейсенбі күні Politico газеті америкалық қорлардың таусылуына байланысты АҚШ-тан Украинаға оқ-дәрі мен қару-жарақ жеткізілімі тоқтатылғанын хабарлады.Ақ үй өкілі Анна Келли NBC арнасына бұл ақпаратты растап, мұндай шешім Американың мүддесін бірінші орынға қою үшін қабылданғанын атап өтті.Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20250701/putin-men-makron-ukraina-toniregindegi-zhagdaydy-talqylady-55289111.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/05/39933689_104:0:2833:2047_1920x0_80_0_0_bb30655d1629d2c9d2f924b10653cf02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Пентагон Украинаға қандай қару-жарақ жеткізуді тоқтатқанын жария етпейді
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Америка Құрама Штаттары Украинаға қару-жарақтың қандай түрлерін жеткізуді тоқтатқанын жария етпейді, деп мәлімдеді Пентагон өкілі Шон Парнелл.
"Қандай қару түрлері тоқтатылғаны жайлы, нені және қашан жеткізетініміз туралы егжей-тегжейлі айта алмаймын", - деді. Парнелл журналистерге.
Сейсенбі күні Politico газеті америкалық қорлардың таусылуына байланысты АҚШ-тан Украинаға оқ-дәрі мен қару-жарақ жеткізілімі тоқтатылғанын хабарлады.
Ақ үй өкілі Анна Келли NBC арнасына бұл ақпаратты растап, мұндай шешім Американың мүддесін бірінші орынға қою үшін қабылданғанын атап өтті.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.