Тоқаев Қазақстанда Молдова елшілігі ашылуын айтулы оқиға деп атады

Мемлекет басшысы Молдова президенті Майя Сандуға ыстық ықыласын жолдады
Sputnik
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Президент Молдова премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Михай Попшойды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында қазақ-молдован байланыстарын дамыту перспективасы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Молдова елшілігінің ашылуы екі елдің өзара достық қарым-қатынас пен сан қырлы серіктестікті нығайтуға ұмтылысын көрсететін айтулы оқиға екенін айтты.
Өз кезегінде Михай Попшой Мемлекет басшысымен бірге барша қазақстандық дипломаттарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, қазіргі халықаралық жағдайда дипломатияның ерекше рөл атқаратынына тоқталды.
Әңгімелесу барысында өзара мүддеге сай келетін түрлі салада экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективасы қарастырылды.
Кездесу соңында мемлекет басшысы Молдова президенті Майя Сандуға ыстық ықыласын жолдады.
Көші-қон саясатын іске асыруда халықтың көшу себептерін есепке алу керек – Тоқаев