Тоқаев Қазақстанда Молдова елшілігі ашылуын айтулы оқиға деп атады

© пресс-служба президента Казахстана АкордаҚасым-Жомарт Тоқаев Молдова премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Михай Попшойды қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Михай Попшойды қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2025
Жазылу
Мемлекет басшысы Молдова президенті Майя Сандуға ыстық ықыласын жолдады
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Президент Молдова премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Михай Попшойды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында қазақ-молдован байланыстарын дамыту перспективасы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Молдова елшілігінің ашылуы екі елдің өзара достық қарым-қатынас пен сан қырлы серіктестікті нығайтуға ұмтылысын көрсететін айтулы оқиға екенін айтты.
Өз кезегінде Михай Попшой Мемлекет басшысымен бірге барша қазақстандық дипломаттарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, қазіргі халықаралық жағдайда дипломатияның ерекше рөл атқаратынына тоқталды.
Әңгімелесу барысында өзара мүддеге сай келетін түрлі салада экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективасы қарастырылды.
Кездесу соңында мемлекет басшысы Молдова президенті Майя Сандуға ыстық ықыласын жолдады.
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2025
Көші-қон саясатын іске асыруда халықтың көшу себептерін есепке алу керек – Тоқаев
Жаңалықтар
0