АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Шымкентте тонау, қарақшылық, бопсалау және қарыз мәселелерін шешумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Топ басшысы сенімді адамдарынан қылмыстық топ жасақтап қана қоймай, қарақшылық шабуыл немесе ұрлық жасау болатын ақшасы көп жерлерді үнемі іздестіріп жүрген.
Осылайша, түнгі клубтардың бірін бақылауына алып, оны "қорғау қызметі" үшін ай сайын 2,5 млн теңгеге дейін алып отырған.
"Жедел іс-шаралардың нәтижесінде қылмыстық топ ұйымдастырушысы мен оның жақын сыбайласы ұсталып, қамауға алынды. Тінту кезінде олардан қару мен патрондар тәркіленді. Сондай-ақ қылмысқа қатысы бар бес тұлға анықталды, олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", - дейді полицейлер.
Айта кетері, жыл басынан бері қылмыстық құрылымдардың басшылары мен қатысушыларына қатысты 51 қылмыстық іс қозғалды.