АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. "Бурабай" ұлттық паркінде бірегей табиғат ескерткіші – Жұмбақтас жартасына шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Осыған байланысты Ұлттық парк туристер мен жергілікті тұрғындарға ескерту жасады.
"Жұмбақтас – эстетикалық ғана емес, мәдени құндылық саналатын бірегей табиғи ескерткіш. Жартасқа шығуға қатаң тыйым салынады! Бұл экологиялық ережені бұзып қана қоймай, өмір мен денсаулыққа қауіп төндіреді. Белгіленген шектеуді сақтап, Қазақстанның табиғи мұрасына қамқорлық жасауыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Бұл тыйымды бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Сонымен қатар бұзақылар бүлдіріп кеткен жартастың видеосы жарияланды.