"Қатаң тыйым салынады": Бурабайға келушілерге ескерту жасалды

© Photo : Yelena SergiyenkoВид на гору Окжетпес и скалу Жумбактас на озере Бурабай
Вид на гору Окжетпес и скалу Жумбактас на озере Бурабай  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2025
Жазылу
Тыйымды бұзғандарға әкімшілік айыппұл салынады
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. "Бурабай" ұлттық паркінде бірегей табиғат ескерткіші – Жұмбақтас жартасына шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Осыған байланысты Ұлттық парк туристер мен жергілікті тұрғындарға ескерту жасады.
"Жұмбақтас – эстетикалық ғана емес, мәдени құндылық саналатын бірегей табиғи ескерткіш. Жартасқа шығуға қатаң тыйым салынады! Бұл экологиялық ережені бұзып қана қоймай, өмір мен денсаулыққа қауіп төндіреді. Белгіленген шектеуді сақтап, Қазақстанның табиғи мұрасына қамқорлық жасауыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Бұл тыйымды бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Сонымен қатар бұзақылар бүлдіріп кеткен жартастың видеосы жарияланды.
Алаколь Балхаш - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2025
Жазда 240 мың турист Алакөлге пойызбен барады
Жаңалықтар
0