АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та екі елге кіруге арналған "қара тізімдер" бар екені туралы айтылған ақпаратқа пікір білдірді.
"Дипломат ретінде әрбір істі жеке қарау керек деп есептеймін. Осы және басқа да осыған ұқсас мәселелер бойынша біз ресейлік тараппен өзара әрекеттесуге әрқашан дайынбыз. Ресейлік әріптестерімізден де осындай сындарлы көзқарасты көріп отырмыз", - деді Абаев АиФ басылымына берген сұхбатында.
Ол мұндай тізімдердің басым бөлігін көші-қон ережелерін бірнеше рет бұзған, өтелмеген соттылығы бар және т.б. адамдар құрайтынын айтты.
Тараптардың талқылауы үшін түрлі жағдайдың туындауы қалыпты нәрсе, деп толықтырды ол.