АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Алматы облысының прокуратурасы Қарасай ауданына қарасты Жалпақсай ауылында жас балаға иттердің шабуыл жасауы фактісі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шабуыл жасаған иттер адамдарға әртүрлі тәуелділіктерден емдеу көмегін көрсететін жекеменшік оңалту орталығының аумағында ұсталған", - деп жазылған хабарламада.
Прокуратурадағылар тергеу аясында оңалту орталығының үй жануарларын ұстау ережелерін сақталуына құқықтық баға берілетінін айтты.
Кінәлі тұлғалар заң талаптарына сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады.
Істің тергеу барысы прокуратураның ерекше бақылауында.