АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысын әшкереледі.
"Ол жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді ресімдеуге жәрдемдескені үшін Түркістан қаласының тұрғынынан 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.