Қоғамдық орындарда бет-әлпетті бүркемелеуге ресми түрде тыйым салынды

Бұл шара қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған
Sputnik
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жауып жүруге ресми түрде тыйым салынды.
Тоқаев бетті тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салатын заңға қол қойды.
Бұл шара қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.
Жаңа талап бойынша, енді адамдардың түрін жасыратын киіммен көшеде, мекемелерде және басқа да қоғамдық орындарда жүруге болмайды.
Алайда кейбір жағдайларда мұндай киімді киюге рұқсат етіледі:
️Медициналық көрсетілімдер бойынша;
️Қызметтік міндеттерді орындау барысында;
️Спорттық және мәдени іс-шараларға қатысқанда және өзге де ерекше жағдайларда.
Қазақстанда хиджаб пен никабқа тыйым салу мәселесі қаралады: көрші елдердің тәжірибесі