АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іздеуде жүрген бұрынғы судья туралы ақпарат бергені үшін сыйақы берілетінін хабарлады.
Агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, 53 жастағы Қарлығаш Таткеева аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін айыпталып отыр.
"Іздеуде жүрген тұлғаны ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі", - деді Бигайдаров бүгінгі брифингте.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің телефондар:
1424-Call – орталық;
8-7172-90-92-60-кезекші бөлім;
8-701-972-06-05, 8-775-934-63-33.