АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Жетісу облысында қызметтік міндетін атқару кезінде екі тәртіп сақшысы жол апатында қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол апаты "Талдықорған — Текелі" автожолында болған.
"Nissan Maxima" маркалы автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Апат салдарынан қызметтік міндетін атқарып жүрген ішкі істер органдарының екі қызметкері — жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында қаза тапты", - делінген ресми хабарламада.
Министрлік марқұмдардың отбасына қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.