Қарулы күштер қатары 90 сержантпен толығады

Әскери колледжді үздік бітірген 6 түлек қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарының екінші курсына қабылданады
Sputnik
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Астанадағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде жас сержанттардың оқуды аяқтауына арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мерекелік шара Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың бюстіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Қатысушылар батырдың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті.
Түлектерді отставкадағы генерал-лейтенант, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев құттықтауға келді.
"Кіші командирлерге сарбаздарды оқыту, бөлімшелердегі әскери тәртіпті сақтау және жеке құрамның моральдық-жауынгерлік рухын нығайту жауапкершілігі жүктеледі. Генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің түлегі деген атақты абыроймен алып жүретініңізге сенемін", – деді ол.
Дипломдар табысталғаннан кейін түлектерді сержанттар корпусына қабылдау рәсімі өтті. Ал колледждің алты үздік түлегі қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындарының екінші курсына қабылданады. Саптық шеру кезінде әскери қызметшілер өз өнерін - қаруды шебер меңгеру мен қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетті.
2000-нан астам сарбаз жоғары оқу орындарына мемлекеттік грант алды