2000-нан астам сарбаз жоғары оқу орындарына мемлекеттік грант алды
15:53 02.06.2025 (жаңартылды: 15:56 02.06.2025)

© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Жазылу
ҰБТ тапсырмай, жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі – мерзімді әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған мемлекеттік бастама
АСТАНА, 2 маусым - Sputnik. Қорғаныс министрлігінде алғаш рет әскери қызметтің белгіленген мерзімінде қызмет еткен сарбаздарға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында оқуға мемлекеттік гранттар табысталды, деп хабарлайды министрлік.

2000-нан астам сарбаз Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға мемлекеттік грант алды
© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Сертификаттарды тапсыру салтанатты түрде өтті. Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев жауынгерлік оқу үздіктерін құттықтады.
Қорғаныс ведомствосы басшысы орынбасарының қолынан 2024 жылдың көктемінде шақырылып, мерзімді әскери қызметтен өткен 22 сарбаз оқу сертификаттарын алды.
ҰБТ тапсырмай, жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі – мерзімді әскери қызметтің беделін арттыруға, жас мамандарды қолдауға және олардың кәсіби өсуін ынталандыруға бағытталған мемлекеттік бастама.
"Конкурстық іріктеуге қарулы күштердің, мемлекеттік күзет қызметінің, төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі мен Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде белгіленген мерзімде қызмет еткен 17 500-ден астам сарбаз қатысты. Араларыңызда әскери оқу орындарына түсіп, офицер болуға шешім қабылдағандардың барына қуаныштымын. Бұл армиядағы қызмет жауапкершілік, тәртіп және патриотизм сияқты қасиеттерді қалыптастырғанын білдіреді. Оқуда да, қызмет ету кезеңінде де жоғары нәтиже көрсететіндігіңізге күмәнім жоқ", – деді Жазықбаев.

2000-нан астам сарбаз Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға мемлекеттік грант алды
© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Әділ және ашық іріктеу жүргізу үшін "Sarbaz 2.0" ақпараттық жүйесі құрылды. Онда барлық әскери бөлімдер тіркелген және бүкіл қызмет кезеңінде сарбаздардың үлгерімі мен тәртібі бойынша нәтижелер көрсетілген.
Енді олар ҰБТ тапсырмай, мемлекет есебінен оқудан бөлек, шәкіртақы алуға, тегін жатақханада тұруға және әскери кафедраға конкурссыз қабылдануға құқылы. Олар:
жоғары оқу орындарына - 2010 грант;
қорғаныс министрлігінің әскери институттарына - 253 орын,
ұлттық ұлан академиясына - 36 орын;
ҰҚК шекара қызметі академиясына 12 орын;
төтенше жағдайлар министрлігінің оқу орнына 3 орын бөлінді.
Іс-шараға әскердегі қызметі арқасында жетекші университеттерге түскен елордалық жоғары оқу орындарының студенттері мен сарбаздардың ата-аналары қатысты.
