ЕАЭО елдері бизнесінің интеграциясын тереңдетуге жағдай жасай береміз – Сұлтанов

Еуразиялық экономикалық комиссия шығарған шешімдердің нақты әсерін бағалау жүйесі де енгізілген болатын
Sputnik
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Минск қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия мен ЕАЭО іскерлік кеңесінің өзара іс-қимыл жөніндегі консультативтік кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Отырыста кәсіпкерлердің құқығын қорғау, бизнесті ЕАЭО-ның өндірістік саясаты жайында жан-жақты хабарландыру, сондай-ақ, реттеу тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланды. Әсіресе, реттеу шараларын бағалауды күшейтуге басымдық берілді.
Еуразиялық экономикалық комиссияның қаржылық саясат пен экономика жөніндегі министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, осындай талқылаулар басым бағыттарға жаңа серпін бере алады.
"Біз кәсіпкерлік қызметті үйлесімді реттеу шаралармен ЕАЭО елдері бизнесінің интеграциясын тереңдетуге жағдай жасай береміз", - деді Сұлтанов.
Бүгінде кәсіпкерлер реттеу шараларын бағалауды қолдап отыр. Сол себепті комиссия оны қолға алған болатын.
Айта кетері, 2024 жылдың ақпан айынан бері реттеу шараларын бағалау механизмі ЕАЭО халықаралық келісімдері аясындағы жобаларға да тарайды. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссия шығарған шешімдердің нақты әсерін бағалау жүйесі де енгізілген болатын.
ЕАЭО елдерінің жиынтық ЖІӨ-і 4-4,5%-ға өсті