АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен мүгедектігі бар балаларға арнап 300 орындық балабақша салынып жатыр.
Жобалық құны 8 млрд теңгеге жуықтайтын ғимараттың сәулеті ерекше болмақ. Жоғарыдан қарағанда гүл бейнесіне ұқсайтын бір-біріне жапсарлас 6 нысаннан тұрады.
"Мұнда тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру, есту және сөйлеу қабілеті нашар балалар қабылданады. Балабақша келер жылы пайдалануға беріледі", - дейді әкімдік.
Өңірде бұдан бөлек қайтарылған активтер есебінен 11 медициналық пункт пен амбулаторияның құрылысы жүріп жатыр.