Өскеменде орталық базарда өрт шықты

Құтқарушылар оқиға орнына барып, қауіптің жоғары деңгейін растады
Sputnik
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Өскемен қаласында орталық базарда өрт шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Қазақстан көшесінде орналасқан орталық базардағы контейнерлерінің бірінде матрацтар өртенді. Құтқарушылар оқиға орнына барып, қауіптің жоғары деңгейін растады. Тілсіз жау бір-біріне жапсарлас салынған қоймаларға таралып кете жаздады. Құтқарушылар оны дер кезінде тоқтатты.
"Өрт 50 шаршы метр аумаққа шарпыды. Зардап шеккендер жоқ. Өртке қарсы талаптарды сақтау адамдардың қауіпсіздігі мен мүліктің сақталуының кепілі екенін еске саламыз", - дейді құтқарушылар.
Айта кетері, мамыр айында Астанадағы "Шапағат" сауда үйі өртенген болатын.
Астанадағы өрт: түтін басқан ғимараттан әйел мен бала құтқарылды