АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Қазақстандық Altyn Shyghys өңдеу зауыты қытайға тазартылмаған күнбағыс майының партиясын жеткізеді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Дайын өнімді қытайлық CITIS Construction Co Ltd. корпорациясы сатып алады.
Жеткізу өткен жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясы фермерлер мен өңдеушілерді мемлекеттік қолдау құралы ретінде іске қосқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық партияларын шоғырландыру бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
Құжатқа сәйкес, оператор әр түрлі жеткізушілерден шағын көлемді өнімді толыққанды экспорттық партияларға біріктіреді және шетелдік тұтынушыларға жөнелтуді қамтамасыз етеді.
Бұл ретте корпорация тасымалдауды толық сүйемелдейді. 2024 жылы шоғырландыру жобасы бойынша Қытай мен Орталық Азияға жалпы құны 20 млн долларды құрайтын дәнді және майлы дақылдарды жеткізуге 6 экспорттық келісімшарт жасалды. Биылғы жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жұмысын жалғастырды, соның нәтижесінде ҚХР-ға қазақстандық өндірістің 1,6 мың тонна жемдік ұн жөнелтілді.