АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Павлодарда сынақ хаттамасын беру кезінде өрескел бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады сауда және интеграция министрлігі.
"Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ Павлодар филиалы аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы заңнаманы өрескел бұзған.
"Тексеру барысында 2024 жылдың 13 желтоқсанында сынақ орталығы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған асфальт бетонды қиыршық тас қоспасына сынақ хаттамасын заңсыз бергені анықталды. Хаттама үлгілерді нақты іріктеусіз және қажетті зертханалық сынақтар жүргізусіз ресімделген", - деп жазылған хабарламада.
Орталық маманының түсіндірмесіне сәйкес, хаттаманы ресімдеу тапсырыс берушінің ауызша өтініші бойынша жүзеге асырылған. Құжат дұрыс емес мәліметтерді қамтыған және материалдық сыйақы орнына берілді.
Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде филиалға 2,3 млн теңге айыппұл салынып, аккредиттеу аттестатының күші 6 айға тоқтатылды.