Павлодарда ұлттық сараптама жүргізетін нысан 6 айға аккредиттеу аттестатынан айырылды

© Sputnik/Ертай СарбасовАсфальт-бетонды жол
Асфальт-бетонды жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2025
Жазылу
Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде филиалға 2,3 млн теңге айыппұл салынды
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Павлодарда сынақ хаттамасын беру кезінде өрескел бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады сауда және интеграция министрлігі.
"Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ Павлодар филиалы аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы заңнаманы өрескел бұзған.
"Тексеру барысында 2024 жылдың 13 желтоқсанында сынақ орталығы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған асфальт бетонды қиыршық тас қоспасына сынақ хаттамасын заңсыз бергені анықталды. Хаттама үлгілерді нақты іріктеусіз және қажетті зертханалық сынақтар жүргізусіз ресімделген", - деп жазылған хабарламада.
Орталық маманының түсіндірмесіне сәйкес, хаттаманы ресімдеу тапсырыс берушінің ауызша өтініші бойынша жүзеге асырылған. Құжат дұрыс емес мәліметтерді қамтыған және материалдық сыйақы орнына берілді.
Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде филиалға 2,3 млн теңге айыппұл салынып, аккредиттеу аттестатының күші 6 айға тоқтатылды.
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2025
Қарағандыда мұнай өнімдерін заңсыз сақтаған кәсіпорынға 7 млн теңге айыппұл салынды
Жаңалықтар
0