Мемлекет басшыларына әлемдегі ең үлкен карьерлік "самосвал" көрсетілді

Президенттер Минскідегі көрме орталығының даладағы экспозициясын тамашалады
Sputnik
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. ЕАЭО елдерінің басшылары Минск халықаралық көрме орталығының сыртқы экспозициясын тамашалады.
Мұнда қонақтарға Беларусь автомобиль өнеркәсібінің жетістіктері көрсетілді. Көрмеде республиканың министрліктері мен ведомстволары ұсынған түрлі техникаларды көруге болады.
Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өтіп жатыр
Олардың арасында әлемдегі ең үлкен карьерлік өзі аударғыш – 450 тонналық БелАЗ-75710 күк көлігі бар. Ол Гиннестің рекордтар кітабына енген. Мемлекет басшылары оның фонында суретке түсті.
Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өтіп жатыр
Көрмеге сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникасы, Қорғаныс министрлігі мен Мемлекеттік әскери-өнеркәсіптік комитетінің әскери техникасы қойылды.
Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өтіп жатыр
Көшбасшылар сонымен қатар ұшқышсыз тікұшақ негізінде жасалған FLY-TRUCK сериялы аппаратты көрді.
2025 жылы Минск ЕАЭО-ға төрағалық етіп жатыр. 2026 жылы төрағалық Қазақстанға өтеді.
Еске сала кетейік, Минскіде Еуразиялық экономикалық форум өтіп жатыр.
Тоқаев: ЕАЭО цифрландыру үдерісін басқаруға тиіс