https://sputnik.kz/20250627/memleket-basshylaryna-alemdegi-en-ulken-karerlik-samosval-korsetildi-55144904.html
Мемлекет басшыларына әлемдегі ең үлкен карьерлік "самосвал" көрсетілді
Мемлекет басшыларына әлемдегі ең үлкен карьерлік "самосвал" көрсетілді
Sputnik Қазақстан
Президенттер Минскідегі көрме орталығының даладағы экспозициясын тамашалады 27.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-27T09:28+0500
2025-06-27T09:28+0500
2025-06-27T09:28+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1b/55141631_0:0:3234:1819_1920x0_80_0_0_b4c5bf3e2ed382aa5c652da70bee12ff.jpg
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. ЕАЭО елдерінің басшылары Минск халықаралық көрме орталығының сыртқы экспозициясын тамашалады.Мұнда қонақтарға Беларусь автомобиль өнеркәсібінің жетістіктері көрсетілді. Көрмеде республиканың министрліктері мен ведомстволары ұсынған түрлі техникаларды көруге болады.Олардың арасында әлемдегі ең үлкен карьерлік өзі аударғыш – 450 тонналық БелАЗ-75710 күк көлігі бар. Ол Гиннестің рекордтар кітабына енген. Мемлекет басшылары оның фонында суретке түсті.Көрмеге сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникасы, Қорғаныс министрлігі мен Мемлекеттік әскери-өнеркәсіптік комитетінің әскери техникасы қойылды.Көшбасшылар сонымен қатар ұшқышсыз тікұшақ негізінде жасалған FLY-TRUCK сериялы аппаратты көрді.2025 жылы Минск ЕАЭО-ға төрағалық етіп жатыр. 2026 жылы төрағалық Қазақстанға өтеді.Еске сала кетейік, Минскіде Еуразиялық экономикалық форум өтіп жатыр.
https://sputnik.kz/20250626/eaeo-tsifrlandyru-uderisin-basqaruga-tiis--toqaev-55139101.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1b/55141631_102:0:2833:2048_1920x0_80_0_0_f42bc27b7e71051a00ce203e5950ffbf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Мемлекет басшыларына әлемдегі ең үлкен карьерлік "самосвал" көрсетілді
Президенттер Минскідегі көрме орталығының даладағы экспозициясын тамашалады
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. ЕАЭО елдерінің басшылары Минск халықаралық көрме орталығының сыртқы экспозициясын тамашалады.
Мұнда қонақтарға Беларусь автомобиль өнеркәсібінің жетістіктері көрсетілді. Көрмеде республиканың министрліктері мен ведомстволары ұсынған түрлі техникаларды көруге болады.
Олардың арасында әлемдегі ең үлкен карьерлік өзі аударғыш – 450 тонналық БелАЗ-75710 күк көлігі бар. Ол Гиннестің рекордтар кітабына енген. Мемлекет басшылары оның фонында суретке түсті.
Көрмеге сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникасы, Қорғаныс министрлігі мен Мемлекеттік әскери-өнеркәсіптік комитетінің әскери техникасы қойылды.
Көшбасшылар сонымен қатар ұшқышсыз тікұшақ негізінде жасалған FLY-TRUCK сериялы аппаратты көрді.
2025 жылы Минск ЕАЭО-ға төрағалық етіп жатыр. 2026 жылы төрағалық Қазақстанға өтеді.
Еске сала кетейік, Минскіде Еуразиялық экономикалық форум өтіп жатыр.