АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі ұл балаларға адам папилломасы вирусына қарсы екпе салынатын мерзімді жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-министр Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, алдымен адам папилломасы вирусына қарсы екпе алатын қыздардың жасы ұлғайтылады. Одан кейін екпені ұл балаларға да салу шаралары қолға алынады.
"Шамамен, бір жылдан кейін осы жұмысты бастаймыз", - деді Сұлтанғазиев сенаттың бүгінгі отырысында.
Айта кетері, қазіргі кезде адам папилломасы вирусына қарсы екпе 11 жастағы қыздарға салынады. Екпе салу қызметі тегін.