Қазақстанда 116,5 мыңнан астам қыз адам папилломасы вирусына қарсы екпе алды

© AFP 2024 / THOMAS KIENZLEШприцы с вакциной от коронавируса
Шприцы с вакциной от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2025
Жазылу
Вакцинациялаудан кейін егілгендердің арасында жағымсыз жанама әсерлер тіркелмеген
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Қазақстанда Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы иммундау науқаны басталғаннан бері 116,5 мыңнан астам қыз егілді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
"Жоғары қауіпті онкогенді 16, 18 АПВ түрлері негізінен жатыр мойны обырын (ЖМО) тудырады. АПВ-ға қарсы профилактикалық вакцинациялау жатыр мойны обыры дамуының алдын алады", - деп жазылған хабарламада.
АПВ - әлемдегі ең көп таралған вирустардың бірі. 50 жасқа дейінгі әйелдердің 80%-ы өмірінде бір рет болса да АПВ-ны жұқтырады.
Әлемде жыл сайын жатыр мойны обырынан 300 мыңға жуық әйел қайтыс болады. Қазақстанда жыл сайын ЖМО-ның 2 мыңға жуық жағдайы анықталады.
АПВ-ға қарсы вакцинациялаудың ұлттық бағдарламасы 135 елде жоспарлы негізде енгізілді.
Жаңалықтар
0