Тоқаев Минск қаласына барады

Ол Беларусь астанасында екі іс-шараға қатысады
Sputnik
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Минск қаласына барады, деп хабарлады Ақорда.
Ол 26-27 маусым күндері Еуразиялық экономикалық форумға және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады.
Еске сала кетейік, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бұған дейінгі отырысы былтыр желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен болатын. Онда Еуразиялық экономикалық одақ мемлекет басшылары ЕАЭО халықаралық қызметінің 2025 жылға арналған негізгі бағыттарын бекітті.
Иран басшылығы Минскіде өтетін ЕАЭО саммитіне қатысады