https://sputnik.kz/20250624/iran-basshylygy-minskide-otetin-eaeo-sammitine-qatysady--eek-ministri-55080559.html
Иран басшылығы Минскіде өтетін ЕАЭО саммитіне қатысады
Иран басшылығы Минскіде өтетін ЕАЭО саммитіне қатысады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Sputnik Қазақстан сайтының алаңында өткен Минск - Мәскеу - Астана - Бішкек - Ереван бейнекөпірі барысында ЕЭК Бәсекелестік және... 24.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-24T19:00+0500
2025-06-24T19:00+0500
2025-06-24T19:46+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e9/06/10/54734371_0:96:3303:1954_1920x0_80_0_0_2bb33d6f039c5be72a7ad668b11f73f0.jpg
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Sputnik Қазақстан сайтының алаңында өткен Минск - Мәскеу - Астана - Бішкек - Ереван бейнекөпірі барысында ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович Иран басшылығы Минскіде өтетін ЕАЭО саммитіне қатысатынын айтты.Оның айтуынша Иранның өнеркәсіп, кен және сауда министрі, Иранның көлік министрі және экспортты ілгерілету ұйымының басшысы, сондай-ақ дәстүрлі түрде іс-шараларға қатысып жүрген Иранның басқа да ведомстволарының өкілдері келеді жоспарланып отыр.Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу нарығын дамыту, оны жеңілдету, кедергісіз қолжетімділік тетіктерін құру міндеті бүкіл Одақ үшін басты міндет болып саналады.Шешімдердің бірі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай порталы болуы мүмкін. Қазір оны құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар одақ елдерінің цифрлық кеңістігін үйлестірумен айналысу қажет. Ал мұндай норма ЕЭК заңына енгізіледі.ЕАЭО аясында кадрды кәсіби даярлаудың бірыңғай стандарттары да әзірленуде. Бұл одақ елдерінің кез келгенінде еркін жұмыс табуға мүмкіндік береді.Ол ЕАЭО жұмыс күшінің еркін қозғалысына қатысты барлық кедергіні жою бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын растады.Министр ЕАЭО елдері үшін роумингті жою туралы сұраққа да жауап берді. Оның айтуынша, одақ елдерінің барлық ұялы байланыс операторлары үшін роуминг тарифінің бірыңғай деңгейін енгізу жоспарлануда.Соған қарамастан, комиссия роумингтің бірыңғай тарифін орнатуға мүмкіндігінше тезірек көшуді мақсат тұтып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/10/54734371_287:0:3018:2048_1920x0_80_0_0_298f5d6f43306aaa4dad4c5d560460ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Sputnik Қазақстан сайтының алаңында өткен Минск - Мәскеу - Астана - Бішкек - Ереван бейнекөпірі барысында ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович Иран басшылығы Минскіде өтетін ЕАЭО саммитіне қатысатынын айтты.
"Кешегі күнгі ақпаратқа сәйкес, Иран президенті Жоғары экономикалық кеңеске қатысатынын растады. Біз Ираннан үлкен делегация күтеміз", - деді спикер.
Оның айтуынша Иранның өнеркәсіп, кен және сауда министрі, Иранның көлік министрі және экспортты ілгерілету ұйымының басшысы, сондай-ақ дәстүрлі түрде іс-шараларға қатысып жүрген Иранның басқа да ведомстволарының өкілдері келеді жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу нарығын дамыту, оны жеңілдету, кедергісіз қолжетімділік тетіктерін құру міндеті бүкіл Одақ үшін басты міндет болып саналады.
Шешімдердің бірі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай порталы болуы мүмкін. Қазір оны құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар одақ елдерінің цифрлық кеңістігін үйлестірумен айналысу қажет. Ал мұндай норма ЕЭК заңына енгізіледі.
ЕАЭО аясында кадрды кәсіби даярлаудың бірыңғай стандарттары да әзірленуде. Бұл одақ елдерінің кез келгенінде еркін жұмыс табуға мүмкіндік береді.
Ол ЕАЭО жұмыс күшінің еркін қозғалысына қатысты барлық кедергіні жою бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын растады.
Министр ЕАЭО елдері үшін роумингті жою туралы сұраққа да жауап берді. Оның айтуынша, одақ елдерінің барлық ұялы байланыс операторлары үшін роуминг тарифінің бірыңғай деңгейін енгізу жоспарлануда.
"Тарифтің қандай деңгейі белгіленетінін айтуға әлі ерте, бірақ соған қарамастан, комиссия мұндай есептерді жасап қойған. Біз ұялы байланыс операторларымен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ әлі күнге дейін әділ тарифті енгізу туралы жалпы келісімге келген жоқпыз", - деді спикер.
Соған қарамастан, комиссия роумингтің бірыңғай тарифін орнатуға мүмкіндігінше тезірек көшуді мақсат тұтып отыр.