АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына барды, деп хабарлады Ақорда.
Президент "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысады.
Ақтөбедегі IX Халықаралық "Айбын" жастар жиыны Жеңістің 80 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған.
Іс-шарада алты елден 700-ден астам жас бас қосты.
Жалпы алғанда Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан барлығы 50-ден астам команда қатысады.